• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 22.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 657  қаулысы; 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. N 35, 327-құжат); 
3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөнiндегi лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 шілдедегi N 763  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 233-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметінің
 2003 жылғы 20 мамырдағы
 N 467 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру