Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Отправить по почте
"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекеме жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - Серiктестiк) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "811-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "832-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамына;
4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Арнайы материалтану ғылыми-зерттеу институты тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiмен бiрге" мемлекеттiк мекемесi "Арнайыматериалтану" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгіне.
2. Қоғамдар мен Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыты қорғаныс, екi ұдай және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жаңғырту және сату болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамдар мен Серiктестіктiң жарғыларын бекiтудi және оларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
2) Қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және Серiктестiктiң мемлекеттiк қатысу үлесiн "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1)
2) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат):
5-тармақ алынып тасталсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2004. № 1237 қаулысымен. (10.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |