Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының туындауын және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 423 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құстардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының туындауын және таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегі жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
сегiзiншi абзацтағы "құс орнитозы" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогендi тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың aca қауiптi ауруларының тiзбесiнде;
төртiншi абзацтағы "жылқының африкалық обасы (экзотикалық aуpу)" деген сөздерден кейiн ", эпизоотиялық лимфангоит" деген сөздермен толықтырылсын;
жетiншi абзацтағы "респираторлық микоплазмоз" деген сөздерден кейiн ", құстардың жоғары патогенді тұмауы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республиканың Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |