Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Абай атындағы Алматы университетi" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;
3) таратылатын Қоғамның бiлiм алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.