Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 1096 от 2002-10-07г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 06.04.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2002. № 1216 қаулысымен, 22.11.2002. № 1239 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (29.12.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде осы қаулыны iске асыру жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесi
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат).
2. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 207-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қыркүйектегi N 1222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 431-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне байланысты жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат).
6. "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 266-құжат).
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына қосымша
Қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 22.11.2002. № 1239 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларының ТIЗБЕСI
__________________________________________________________________
Қайта ұйымдастырылатын | Қазақстан Республикасы Ауыл
мемлекеттiк мекемелердiң атауы | шаруашылығы министрлiгiнiң
| Орман және аңшылық
| шаруашылығы комитет мемлекеттік
| мекемелерiнiң атауы
__________________________________________________________________
Ақмола облыстық орман және Ақмола облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Ақмола облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
aумақтық басқармасы
Ақтөбе облыстық орман және Ақтөбе облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Ақтөбе облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Алматы облыстық орман және Алматы облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Алматы облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Атырау облыстық орман және Атырау облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Атырау облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық Шығыс Қазақстан облыстық орман
орман және биоресурстар және аңшылық шаруашылығының
жөнiндегi аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Шығыс Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Жамбыл облыстық орман және Жамбыл облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Жамбыл облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Батыс Қазақстан облыстық орман Батыс Қазақстан облыстық орман
және биоресурстар жөніндегі және аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Батыс Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қарағанды облыстық орман және Қарағанды облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының
басқармасы аумақтық басқармасы
Қарағанды облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қостанай облыстық орман Қостанай облыстық орман және
және биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Қостанай облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Қызылорда облыстық орман және Қызылорда облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының
басқармасы аумақтық басқармасы
Қызылорда облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Маңғыстау облыстық орман және Маңғыстау облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аумақтық аңшылық шаруашылығының
басқармасы аумақтық басқармасы
Маңғыстау облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Павлодар облыстық орман және Павлодар облыстық орман және
биоресурстар жөнiндегi аңшылық шаруашылығының
аумақтық басқармасы аумақтық басқармасы
Павлодар облыстық жануарлар
және өсiмдiктер дүниесiн
мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Солтүстiк Қазақстан облыстық Солтүстiк Қазақстан облыстық
орман және биоресурстар орман және аңшылық
жөнiндегi аумақтық басқармасы шаруашылығының аумақтық
Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы
жануарлар және өсiмдiктер
дүниесiн мемлекеттiк бақылау
аумақтық басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық
орман және биоресурстар
жөнiндегi аумақтық басқармасы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық Оңтүстiк Қазақстан облыстық
жануарлар және өсiмдiктер орман және аңшылық
дүниесiн мемлекеттiк бақылау шаруашылығының аумақтық
аумақтық басқармасы басқармасы".
__________________________________________________________________
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен