Bestprofi Logo

Қаулы № 714 от 2003-07-18г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы;

3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің құрылатын аумақтық органдарының тізбесі

1. Солтүстік аймақтық балық инспекциясы

3. Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы

4. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы Ереже

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құзыретi шегiнде балық шаруашылығы саласында балық шаруашылығын мемлекеттік басқаруды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттiң аумақтық органдары - аймақтық балық инспекциялары бар.

2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары бар.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитеттің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке Комитеттiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсiмiн молайту мен пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

3) балық аулауды және балық өсiру - ұдайы өндiру қызметiн мемлекеттік реттеу, суға балық жiберу, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтiк-техникалық және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

10. Комитет өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;

2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады, балық шаруашылығына инвестицияларды тартуға және пайдалануға ықпал етедi;

3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

4) балық шаруашылығы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, балық шаруашылығын жүргiзу саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады;

5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ балық ресурстарының және басқа да су жануарларының, оның iшiнде балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын шығаруға қатысады;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание