Осы редакция 31.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысына
1-қосымша
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төраға
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы даму және сауда вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Мұхимов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Абзал Сансызбайұлы даму және сауда министрлігі Өңірлік
саясат және бюджетаралық қатынастар
департаментінің директоры, хатшы
Коржова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Наталья Артемовна жауапты хатшысы
Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Бөлтіріков - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Руслан Ескендірұлы ортаны қорғау вице-министрі
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы минералдық ресурстар вице-министрі
Парсегов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Борис Анатольевич қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
агенттік) төрағасының орынбасары
Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Наталья Леонидовна Кеңсесі Әлеуметтік-экономика бөлімінің
меңгерушісі
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Сайлаухан Ғазизұлы Кеңсесі Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және
аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлігі Ауылдық аумақтар істері
комитетінің төрағасы
Сауранбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Ермекұлы және жаңа технологиялар
вице-министрі
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Скляр - Қазақстан Республикасының Көлік және
Роман Васильевич коммуникация вице-министрі
Шеңгелбаев - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысымен
бекітілген
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында (бұдан әрі - Стратегия) көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары