Bestprofi Logo

Қаулы № 1239 от 2008-12-24г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.08.2011 № 981 Қаулысымен. (24.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 қаулысына 1-қосымша

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2009. № 1297 Қаулысымен Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (02.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2011 жылғы № 981 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (31.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2012 жылғы № 418 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (05.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)

Көшербаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қырымбек Елеуұлы орынбасары, төраға Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық Ерболат Асқарбекұлы даму және сауда министрі, төрағаның орынбасары Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Беспалинов - Қазақстан Республикасының Тілеуғазы Айтқазыұлы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Өңiрлiк саясат және бюджетаралық қатынастар департаментi директорының орынбасары, хатшы Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім Махметғали Нұрғалиұлы және ғылым вице-министрі Тихонюк - Қазақстан Республикасының Николай Петрович Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттiгi төрағасының орынбасары Коржова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Наталья Артемовна жауапты хатшысы Жарқынбаев - Қазақстан Республикасы Статистика Жасер Әзімханұлы агенттігі төрағасының орынбасары Әбдішев - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Бауыржан Түйтеұлы қорғау вице-министрі Омаров - Қазақстан Республикасы Спорт және Мұрат Ескелдіұлы дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Энергетика және Дүйсенбай Нұрбайұлы минералдық ресурстар вице-министрі Сыздықов - Қазақстан Республикасы Тито Уақапұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Наталья Леонидовна Кеңсесі Әлеуметтік-экономика бөлімінің меңгерушісі Мәтішев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Әлиақпар Болатұлы қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Толыбаев - Қазақстан Республикасының Марат Еркінұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сауранбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия Нұрлан Ермекұлы және жаңа технологиялар вице-министрі Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Денсаулық Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Асқар Ысмайылұлы вице-министрі Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Скляр - Қазақстан Республикасының Көлік және Роман Васильевич коммуникация вице-министрі Жұманғарин - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму Серік Мақашұлы және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 қаулысымен бекітілген

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

1. Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында құрылды.

1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.08.2011 № 981 Қаулысымен. (24.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание