Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмiрлерi 21-28 ("Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ) және 111-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "AҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-29 "Мектеп" баспасы" ЖШС".
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |