• Мое избранное

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 24 тамыздағы
 N 891 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
реттік нөмiрлерi 21-28 ("Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ) және 111-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "AҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгіне" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрлерi 223, 224-16-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 747 Қаулысымен. (29.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 29.10.2004 № 1130 қаулысымен. (24.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 209-құжат): 
"3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн."; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: 
мәтіндегі "Хабар" агенттігі" ЖАҚ" деген сөздер "Xaбap" агенттігі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: 
7-бағанда, реттік нөмiрлерi 3.1. және 3.9-жолдарда "Қазақстан" РТРК" ЖАҚ" деген сөздер "Қазақстан" РТРК" AҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.