• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 қараша N 1173
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi-аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi таратылсын.
3. Министрлiктiң үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi-аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. 
Министрлiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi"; 
91-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны"; 
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi: 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын: 
"10-1 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі                                                 108"; 
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерi: 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1-жолмен толықтырылсын: 
"6-1 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі                                                  805".
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Министрлік бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 6 қарашадағы
 N 1173 қаулысымен
 бекiтілген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
 министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты, салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрлiктiң мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесімдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түceдi. 
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкiлеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан түсуге құқығы бар.
4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделеді.
5. Министрлiктiң ережесiн және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындауға кәсiпкерлiк субъектілермен шарт қатынасына түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджет кiрiсiне бағытталады.
2. Министрлiктің негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды және табиғатты қорғау заңнамасын, экологиялық талаптар нормативтерiн сақтауды қамтамасыз ету; 
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау жүйесiн, өзiнің құзiретi шегiнде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерiн жетілдiру; 
3) қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру және табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысy;