• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 16.07.2015 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 758 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 537 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
шарт негiзiнде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерiнiң ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 
әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгiне, тұрақтылығына және тиiмдiлiгiне жәрдемдесу; 
метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенiмдiлiктi қамтамасыз ету.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 
қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн; 
осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне берсiн.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 11 тамыздағы
 N 758 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (08.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-105-жолмен толықтырылсын: 
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 300-жолмен толықтырылсын: 
4.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.12.2007 жылғы № 1201 Қаулысымен (11.08.2006 ж. редакцияны қараңыз)