Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 23.04.2008 № 381 Қаулысымен. (15.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiк түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 116-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 236-8-шi жол мынадай редакцияда жазылсын:
"236-8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
3. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына:
атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталсын; Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың 3,4-абзацтарының күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2006. № 873 қаулысымен. (26.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.11.2004. № 1237 қаулысымен. (21.05.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.05.2005. № 514 қаулысымен. (26.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)