Осы редакция 26.03.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазына" АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 7-бөлiмде:
екiншi абзац мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Компаниялардың Директорлар кеңестерiнiң (қадағалаушы кеңестiң) екi мүшесiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша "Қазына" АҚ сайлайды.".
2. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамына кейбiр акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қадағалау кеңесiнiң құрамдарына осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды тұлғаларды сайлау ұсынылсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 қыркүйектегі
N 873 қаулысына
1-қосымша
Кейбiр акңионерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қадағалау кеңесiнiң құрамдарына сайлауға ұсынылатын лауазымды тұлғалар
1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғам:
Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;
Ержанов Бақыт Ахметұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Инновациялық дамыту департаментiнiң директоры.