Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (10.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат):
3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
2) ғылыми әдiснама мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оны жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығы мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
5) елiмiзде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және талдау.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк туралы ереженi және оның жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiк, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктерi шеңберiнде өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанында кесiмдер шығарады.
6. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктiң ведомстволық бағынысты ұйымдары бар, олардың тiзбесiн Үкiмет бекiтедi.
7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 480008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125.
8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке, Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгіленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.
Агенттіктiң негiзгi функциялары мен құқықтары
10. Агенттiктiң мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялары:
1) статистика саласында мемлекеттiк саясатты пысықтау;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
3) мемлекеттiк статистика мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу;
4) статистикалық байқаулар бағдарламаларының жалпы мемлекеттiк және ведомстволық бағдарламаларын әзірлеу және бекiту;
5) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы әзірлеу болып табылады.
11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: