Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.10.2007 № 928 Қаулысымен (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 153-құжат):
3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысымен бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.10.2007 № 928 (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік статистика аясында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының не оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің, оның аумақтық органдарын қоса алғанда, штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 26.07.2011 № 861 Қаулысымен. (17.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) статистикалык әдіснаманы қалыптастыру;
2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.
13-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.06.2010 № 600 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;
4) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекітеді;
5) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
6) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
7) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;
8) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
9) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді берген кезде статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен оларды қамтамасыз етеді;