Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 260
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттiк акцияларының пакетiмен "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттiк ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткiзу актiсiне қол қойсын.
2. Құрылатын акционерлiк қоғамның негiзгi функциялары:
мемлекеттiк ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату;
бюджеттiк ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi