1. Мыналар:
Отправить по почте
Осы редакция 24.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ереже;
2) алынып тасталды
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекiтiлсiн;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
5) алынып тасталды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2005. № 53, 30.06.2006. № 626 қаулыларымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне екi вице-министрi болуына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына рұқсат етілсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134, 30.06.2006. № 626 қаулыларымен. (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы (бұдан әрi - Азаматтық қорғаныс), Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) және ведомстволары: Өртке қарсы қызмет комитетi, Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi және Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2006. № 626 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар шешiмдер шығарады.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру;
мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге ұсыну;
2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiреді;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-күйi туралы есептер дайындайды және ұсынады;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |