• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2014 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.08.2014 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес
Редакция 03.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар: 
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi; 
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ереже; 
2) алынып тасталды 
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен; (17.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Тармақша алынып тасталды
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.03.2013 жылғы № 306 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) алынып тасталды 
6) Тармақша алынып тасталды
6-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.03.2013 жылғы № 306 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен. (17.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2013 жылғы № 306 Қаулысымен (01.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып әрекет етуге құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс.
10. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің миссиясы: халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, елдің азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.
15. Міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, салааралық үйлестіру, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын мемлекеттік бақылау, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
16. Функциялары:
орталық аппарат функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 03.10.2013 жылғы № 1048 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының аумағында шетел ұйымдары мен азаматтарының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметтерін қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;