• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 шілде N 833

Осы редакция 21.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (жалпы ,  ерекше  бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару  кодексiне  , "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2002. № 1268 қаулысымен. (26.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508  қаулысына  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:  
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы ережедегi: 
13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:  
"20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады.".
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 26 шілдедегі
 N 833 қаулысымен
 бекiтiлген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет  
  меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке  
  алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану  
  ережесi 
                  1. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкілеттi орган және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:  
1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);  
2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер);  
3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар);  
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар);  
5) белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады: 
1) белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiзмүлiк); 
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк); 
3) олжаларды; 
4) қараусыз жануарларды; 
5) белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен; 
6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.
4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердiберуге мiндеттi.  
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
          2. Мүлiктi есепке алу және сақтау 
5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады: 
1) тиiстi сот актілерi; 
2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк; 
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы;  
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.  
Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады. 
6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады. 
7. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.
8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.  
Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады. 
9. Уәкiлеттi орган және сот атқарушысы заңды күшiне енген мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмi мен атқарушы парақты алған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тәркiленген мүлiктi Тiзiмдеу актiсiн жасай отырып, қабылдау-беру жүргiзуге тиiс.  
Егер көрсетілген мерзiмдерде мүлiктi қабылдау-беру жүргiзілмеген жағдайда, уәкiлеттi орган он күн iшiнде атқарушы құжаттың орындалмағаны немесе уақтылы орындалмағаны бойынша сот атқарушысының iс-әрекетiне сот атқарушысы қызмет көрсететiн аудандық сотқа шағым бepe алады.  
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
            3. Мүлiктi бағалау 
11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 
#$; .(16-18 т.)
12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы ұны бойынша бағаланады.
13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi.
14. Республика меншiгiне айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi.