• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы

тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 22.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне  (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2005. № 372 қаулысымен. (10.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн. 
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2002 № 1268, 21.04.2005 № 372, 31.12.2008 № 1329, 30 (26.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз).09.2010 № 1009 қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(10.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз). 3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.04.2005. № 372 қаулысымен.(алынып тасталды)
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2002 жылғы 26 шілдедегі
 N 833 қаулысымен
 бекiтiлген
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1329 Қаулысымен (29.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне 
 айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, 
 бағалау және одан әрi пайдалану 
 ережесi 
                 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды. 
1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды. 
1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.10.2007. № 919 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады: 
1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк); 
2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер); 
3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар); 
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтеусiз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар); 
5) заңнамада  көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде   ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен, 21.04.2005. № 372, 29.12.2007. № 1371, 30.09.2010 № 1009 қаулыларымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады: 
1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік; 
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк); 
3) олжаларды; 
4) қараусыз жануарларды; 
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің № 1371 Қаулыcымен.
6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің № 1371, 31.12.2008. № 1329 Қаулыларымен (29.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен, мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004. № 695 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
          2. Мүлiктi есепке алу және сақтау 
5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады: 
1) тиiстi сот актілерi; 
2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк; 
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне  сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы; 
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар. 
Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады. 
5-1. Иесіз жылжымалы мүлікті белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне, оның ішінде заттай дәлел түрінде айналдырған деп танылғанға дейін алты ай ішінде мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарға есепке қою үшін жібереді. 
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1329 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады.
7. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.
8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi. 
Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады. 
8-1. Иесіз жылжымалы, оның ішінде заттай дәлел түріндегі мүлікті есепке қойған күннен бастап бес жыл өткен соң коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады. 
8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1329 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(10.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз). 9-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.04.2005. № 372 қаулысымен.(алынып тасталды)
10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
           3. Мүлiктi бағалау 
11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2008 № 511 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.
11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.05.2008 № 511 Қаулысымен.
12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы ұны бойынша бағаланады.