Toggle Dropdown
3
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 28.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Нотариат туралы», «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
4
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары – республикалық меншікке;
Toggle Dropdown
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
14
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
Toggle Dropdown
1) тәркіленген мүлікті;
Toggle Dropdown
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);
Toggle Dropdown
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);
Toggle Dropdown
4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған;
Toggle Dropdown
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған;
Toggle Dropdown
3) олжаларды;
Toggle Dropdown
4) қараусыз қалған жануарларды;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;
Toggle Dropdown
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті);
Toggle Dropdown
7) тәркіленген мүлікті;
Toggle Dropdown
8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
1
5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау
Toggle Dropdown
6. Мүлiктi есепке алу:
Toggle Dropdown
1) тиiстi сот актілерi;
Toggle Dropdown
2) нотариус беретiн мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
Toggle Dropdown
3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;
Toggle Dropdown
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
Тізімдеу актісі бірдей және (немесе) біртекті мүлік бойынша мәліметтерді қамтиды, мүліктің атауы, сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Бірдей мүлікке өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары бірдей мүлік жатады.
Toggle Dropdown
Егер қалған жағынан бұл мүлік осы тармақтың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түріндегі болмашы алшақтықтар мүлікті бірдей деп танымауға негіз болып табылмайды.
Toggle Dropdown
Біртекті мүлікке сипаттамалары бірдей болмаса да, ұқсас немесе бірдей функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын мүлік жатады.
Toggle Dropdown
Бірдей немесе біртекті мүлікке мынадай мүлік жатқызылмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.
Toggle Dropdown
Бір тiзiмдеу актiсiнде қамтылатын берілетін мүліктің атауы бесеуден аспайды.
Toggle Dropdown
7-1. Сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) мүлікті есепке алуды уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оны нақты қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:
Toggle Dropdown
сот орындаушыларынан – «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;
Toggle Dropdown
мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;