Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі бекітілсін.
2. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасындағы "белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен" деген сөздер "заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысымен бекітілген
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі
3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.02.2010 № 124 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |