Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1329 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1 және 2-тармақтарында "(түскен)" деген сөз "(айналдырылуы тиіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.";
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "(түскен)" деген сөз "(айналдырылуы тиіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік;";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Иесіз жылжымалы мүлікті белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне, оның ішінде заттай дәлел түрінде айналдырған деп танылғанға дейін алты ай ішінде мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарға есепке қою үшін жібереді.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Иесіз жылжымалы, оның ішінде заттай дәлел түріндегі мүлікті есепке қойған күннен бастап бес жыл өткен соң коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады.";
15-тармақтағы "жойылады" деген сөзден кейін "не балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне және басқа да әлеуметтік сала объектілеріне өтеусіз берілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мемлекеттік лотереялардың лотерея билеттері бойынша талап етілмеген ұтыс түріндегі мүлікті лотерея ұйымдастырушы болып табылатын тұлға лоторея өткізу шарттарында көзделген төлем мерзімі өткен соң мемлекеттік бюджет кірісіне есепке алады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сатқаннан кейін ақша, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде бюджетке аударылуы тиіс.";
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада "(түскен)" деген сөз "(айналдырылуы тиіс)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов