Bestprofi Logo

Қаулы № 1268 от 2002-11-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 қараша N 1268

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитеті таратылсын.

2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2004 № 695 қаулысымен 1), 1-1-тармақшалардың күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1115 қаулысымен. (28.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекітiлген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi туралы ереже Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

Ереженің күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2004. № 1115 қаулысымен. (24.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание