• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 08.09.2017 күші жойылды

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 683 және 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 871 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.09.2017 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестi құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 683  қаулысында: 
"6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi әкiмдiктер жанынан дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiнде кеңестер құрсын, кеңестер туралы ережелер мен олардың құрамдарын бекiтсiн.";
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы ережеде: 
7-тармақтың 2), 3), 5) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;
"8. Кеңестi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi басқарады.";
9-тармақтағы "үш айда" деген сөздер "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша "органдардың" деген сөзден кейiн "Кеңес құзыретiне қатысты" деген сөздермен толықтырылсын; 
"3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;"; 
4) тармақша "азаматтардың" деген сөздiң алдынан "заңнаманы жетiлдiру және" деген сөздермен толықтырылсын; 
"13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi. 
14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресiмдеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 
Отырысқа материалдар Кеңес мүшелерiне ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын жiберiледi.";
"17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 15 қыркүйектегi
 N 871 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 27 шiлдедегi
 N 1140 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестіктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң құрамы
Ералы Лұқпанұлы                 министрлiгi Дiни iстер комитетiнiң төрағасы, төрайымның орынбасары
Қайрат Бақтыбайұлы              министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
Ардақ Дүкенбайұлы               Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi
Өтеулина                      - Қазақстан Республикасының Бiлiм және   
Хафиза Мұхтарқызы               ғылым вице-министрi
Николай Федорович)              округiнiң басшысы, Астана және Алматы Митрополитi
Нысанбаев                     - Қазақстан Республикасы Бiлiм және   
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы           ғылым министрлiгi "Философия және саясаттану институты" 
                                             республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының директоры
Керiм Шамшәдин                - "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениетi университетi" 
                                         жеке мекемесiнiң проректоры
Владимир Александрович          бiрлестiктермен жұмыс мәселелерi жөнiндегi бас инспекторы