• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 21.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қыркүйек N 993
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берсiн.
2. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.09.2009. № 1328 Қаулысымен. (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде   жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.11.2002. № 1221 қаулысымен. (11.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.04.2003. № 314 қаулысымен. (19.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.09.2009. № 1328 Қаулысымен. (14.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнің
 2002 жылғы 11 қыркүйектегi
 N 993 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау мен ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Кеңсе өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеңсе мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары, оның iшiнде валюталық шоттары болады. 
Кеңсе азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Кеңсенің, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Кеңсе өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Кеңсе Басшысының бұйрықтары түрiнде кесімдер шығарады.
5. Кеңсенің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Кеңсенің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 6, "Үкімет үйі". 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.03.2009. № 320 Қаулысымен. (27.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Толық атауы: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Кеңсенің құрылтайшысы мемлекет болып табылады. 
Кеңсе туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады.
9. Кеңсенiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Егер Кеңсеге заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
2. Кеңсенің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету; 
2) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру және мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру; 
3) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық және өзге де шараларды әзiрлеу, олардың iске асырылуын және сақталуын бақылау; 
4) мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 
5) Yкiмет пен Премьер-Министрдің кесiмдерiн дайындау және атқару процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 
6) Мемлекет басшысының кесiмдерi мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 
7) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.
11. Кеңсе заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) Премьер-Министр мен Үкiмет басшылығын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету; 
2) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi Регламентiнiң сақталуын қамтамасыз ету; 
3) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Премьер-Министрiнің мүдделерін соттарда бiлдiру және қорғау, прокурорлық ден қою актiлерiн қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Yкіметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiніштер мен талаптарға пiкiрлердің жобаларына сараптама жүргiзу; 
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің iс қағаздарын, оның ішінде құпия, арнайы байланыс іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргiзу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтiк құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес Кеңседе құпиялылық режимiн, өткiзу және объектiшiлiк режимдi қамтамасыз ету; 
5) мемлекеттiк тiлде іс жүргiзудi кезең-кезеңімен енгiзу; 
6) Үкiмет мүшелерінің, агенттiктер мен акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) басшыларының ұсыныстары бойынша Үкiмет мәжiлiстерінде қарауға арналған мәселелерi тоқсан сайынғы тiзбесiн дайындауды ұйымдастыру; 
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мәжілістеріне күн тәртiбiн жасау, материалдар дайындау, Қазақстан Республикасының Үкiметi мәжiлiстерінің материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; 
8) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсенің басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру, кеңестердің материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; 
9) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заңдардың және Қазақстан Республикасының Президенті кесiмдерінің жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы қабылдайтын шешiмдердің жобалары бойынша қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерге сараптама жасау, сараптаманың нәтижелерi бойынша қорытындылар (анықтамалар) дайындау;