• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 28.10.2004 күші жойылды

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1109

1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi туралы ережеде: 
"1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен екi жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт (бұдан әрi - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрi - ОАЫ), Түркi тiлдес Мемлекеттердiң Мәдениет Министрлерiнің Тұрақты Кеңесi (бұдан әрi - ТҮРКIСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрi - интеграциялық бiрлестiктер) шеңберiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
2) ТМД елдерiмен екi жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бiрлестiктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметiнің тиiмдiлiгiн және үйлестiрiлген қызметiн қамтамасыз ету;"; 
3) тармақшадағы "ТМД шеңберiндегi Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көшi-қонға және заңсыз есiрткі айналымына қарсы әрекет жасау жөніндегi интеграциялық бірлестiктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;"; 
"6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу;"; 
"ұсынымдар" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының басшылығына" деген сөздермен толықтырылсын; 
"ТМД елдерiмен" деген сөздерден кейiн "және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 
"1-1) интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде iс-шаралар өткiзудiң және өткiзілетiн iс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкiлдерi қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзiрлейдi;"; 
"2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнiнде келiссөздер жүргiзедi;"; 
"3) интеграциялық бiрлестiктердің жарғылық органдарының мәжiлiстерiне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзiрлейді;"; 
4) тармақшада "КО, ОАЭҚ, ХАҚҚ жарғылық органдарымен және басқа аймақтық халықаралық ұйымдармен" деген сөздер "интеграциялық бiрлестiктердiң жарғылық органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7) тармақшадағы "сапарларды" деген сөзден кейiн "және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiндегi кездесулердi" деген сөздермен толықтырылсын; 
1) тармақшадағы "ТМД, KO және ОАЭҚ" деген аббревиатуралар "интеграциялық бiрлестiктердің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) тармақшада "ТМД елдерiмен ынтымақтастықтың" деген сөздер "интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3) тармақшадағы "ТМД шеңберiнде қабылданған шарттар мен келiсiмдердің" деген сөздер ", интеграциялық бiрлестiктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4) тармақшадағы "ТМД, КО және ОАЭҚ" деген аббревиатуралар "интеграциялық бiрлестiктер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5) тармақшадағы "ТМД проблемалары" деген сөздер "Комитеттің құзыретiне жататын проблемалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
15, 16, 17-тармақтардағы "Төраға", "Комитет Төрағасының", "Комитеттiң Төрағасы" деген сөздер тиiсiнше "вице-министр - төраға", "вице-министрдің - Комитет төрағасының, "вице-министр - Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.