• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 қаулысы       
Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының  9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерi: 
1) Iшкi iстер министрлiгiнің штат саны лимитiнiң шегiнде 826 бiрлiк штат саны лимитiмен дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi; 
2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Күзет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Күзет" РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес "Күзет" РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк күзетуге жататын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) құрылатын мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде: 
"қорғау сигнализациясы мен құралдарын жөнге келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету" деген сөздер алынып тасталсын, сондай-ақ "iз кесу (детективтiк) және күзет қызметiне" деген сөздер "iз кесуге (детективтiк)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруы, күзет сигнализациясының құралдарын жобалау, құрастыру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету"; 
2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 461-6-жол алынып тасталсын; 
3) "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде: 
11-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: 
"17) Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асырады".
7. "Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 тамыздағы N 671 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 31, 364-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы, оның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 2, 3-тармақтарын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2001 жылғы 10 қарашадағы
 N 1433 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерінің облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлімшелерiнің) ТIЗБЕСI
1. Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 
2. Атбасар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
3. Есiл ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
4. Бұланды ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
5. Ерейментау ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
6. Зерендi ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
7. Степногор қаласының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
8. Шортанды ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
9. Щучье ауданының (Щучье қаласының) мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
10. Щучье ауданының (Бурабай кентiнiң) мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
11. Сандықтау ауданының мамандандырылған күзет қызметі бөлiмшесi 
12. Астрахан ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi
13. Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметi басқармасы 
14. Мұғалжар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi 
15. Хромтау ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмi 
16. Шалқар ауданының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшесi