Toggle Dropdown
Осы редакция 27.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының»" Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және»" Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
Toggle Dropdown
2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 тамыздағы
N 733 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді.
Toggle Dropdown
3. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия басты лицензия болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Лицензиялау тәртібі
Toggle Dropdown
4. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Toggle Dropdown
3) жеке тұлға үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ставка бойынша этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
6) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар:
Toggle Dropdown
өндіріс паспортының көшірмесі;
Toggle Dropdown
уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін спирт өлшегіш аппараттарды сатып алғанын растайтын құжаттардың (спирт өлшегіш аппараттарды сатып алу-сату шартының, спирт өлшегіш аппараттардың паспортының, спирт өлшегіш аппараттарды қондыруға және іске қосуға арналған шарттың) көшірмелері;
Toggle Dropdown
этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босатуды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайлардың және жабдықтардың бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің) көшірмелері;