Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 шілде N 751
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау мен қайта өңдеу кезiнде мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыруға жәрдемдесудiң және мұнай-газ кешенi өнiмiнiң көлiк ағындарын басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қоғам жарғысын бекiту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi бағыттары республиканың мұнай-газ кешенiнiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жедел ақпаратты техникалық жинау, ақпараттық-талдау анықтамалық материалдар жасау, көмiрсутегiн өндiру, геологиялық барлау, тасымалдау, қайта өңдеу және оларды сату саласында маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi сертификаттауды жүргiзу деп белгілесiн;
Toggle Dropdown
2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгіне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 9 шiлдедегi
N 751 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-55-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"123-55. "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" ЖАҚ".
Toggle Dropdown
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 46-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"46. "Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы" ЖАҚ".
Toggle Dropdown
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)