• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 23.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамның негiзгi мiндеттерi: 
1) мемлекеттiк меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу; 
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар: 
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi; 
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;