• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 сәуір N 482

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) 1-тармақта: 
6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; 
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде: 
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей; 
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін."; 
2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен 
кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде:
     - 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі 
екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей;
     - 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі 
төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
     3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген 
сөздер алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;
     4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     9-тармақ алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
     "10-
1. "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ:
     Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы 
вице-министрі, төраға;
     Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика 
және сауда вице-министрі;
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің 
меңгерушісі (келісім бойынша);
     Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
     Ізтілеуов Бейсенбай Ізтілеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ 
басқармасының төрағасы".
     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
      
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       2001 жылғы 9 сәуірдегі
                                          N 482 қаулысына
                                              қосымша
      
            Қазақстан Республикасы Үкіметінің
        күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
     
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 586  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 19, 206-құжат). 
2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155  қаулысы. 
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940  және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы N 659  қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы. 
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 
қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 
жылғы 29 қыркүйектегі N 1476  

 
  қаулысы.
     
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 
 

 
  қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 138  

 
  қаулысы (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 40-құжат).
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.