• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 629 қаулысы

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар: 
1) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Спорттың бұқаралық түрлерiнiң республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны мен "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Спорттың ойын және қысқы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебі" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Спорттың бұқаралық және қысқы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен; 
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны мен "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Су спортының түрлерi бойынша олимпиадалық резервтiң республикалық мамандандырылған балалар және жасөспiрiмдер мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi құрылатын республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы болып белгіленсiн.
3. Республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектептерi қызметiнiң негiзгi мәнi қысқы және жазғы Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгiзiлген спорт түрлерi бойынша халықаралық деңгейдегi жоғары бiлiктi спортшыларды, кандидаттарды олимпиадалық даярлау орталықтары мен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына есепке алуға даярлау болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн қамтамасыз етсiн; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі