• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 қараша N 1267
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi; 
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қайта аталсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы"; 
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы".
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн: 
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлiмде: 
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетi"; 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдармен толықтырылсын: 
 мелиоративтік экспедициясы           республикалық мемлекеттiк           кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу           құқығында)" 
 тивтiк экспедициясы республикалық           мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашы- 
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды peттey туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарына көлiктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесiлiлiк табелiнде: 
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiгінде: 
"Су ресурстарын пайдалану            Бассейндiк         объектiлерiн бақылауды               су шаруашылығы         жүзеге асыру                         басқармалары 4"         деген жолдар алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолдармен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі";
Технологиялық       Су ресурстарын       Бассейндiк                             инспекциялық         су шаруашылығы                             және жедел           басқармалары                             басқаруды                             жүргiзу үшiн                      4";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Opталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесiлілiк табелінде: 
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiмде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі".
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 28 қарашадағы
 N 1267 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi туралы ЕРЕЖЕ