Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 291 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 сәуiрдегi N 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 жыл, N 19, 188-құжат);
2) "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктілiгiн арттыру институтын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 454 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 жыл, N 13, 158-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 291 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттік орман күзетi) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттік орман күзетiне Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау ережесiн, орман пайдалануды жүзеге асырудың, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес оларды пайдаланудың белгiленген тәртiбiн бұзуды тыю және оның алдын алу жөнiнде, сондай-ақ орманға зиян келтiретiн басқа да iс-әрекеттердi тыю және олардың алдын алу жөнiнде құқықтар беріледi.
2. Мемлекеттiк орман күзетiнiң мiндеттерi
3. Мемлекеттік орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау және жою жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және жүргiзу;
2) мемлекеттiк орман қорының аумағындағы барлық жұмыс iстеушiлердiң және онда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережесi мен санитарлық ереженi сақтауын қамтамасыз ету;
3) ормандарды заңсыз ағаш кесуден, зақымданудан, талан-таражыға салудан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен күзету, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн күзету;
4) орман пайдаланушылардың сүректi түбiрiмен босату ережесiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерiнің ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;
5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың таралуына болжам жасау және олармен күресу;
6) биотехникалық iс-шаралар жүргiзу;
7) мемлекеттiк орман қopы аумағында аң және балық аулау ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
8) мемлекеттiк орман қорын күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыруды, ұтымды пайдалануды және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер болып табылады.
3. Мемлекеттік орман күзетiн ұйымдастыру
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман күзетiнiң құрамына:
1) орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерiнде - директорлар - бас орманшылар, директорлардың орынбасарлары - бас орманшылардың орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлерi, аңшылық мамандары, орман питомниктерiнiң бастықтары, өрт сөндiру-химия станцияларының бастықтары, орманшылар, орманшылардың көмекшiлерi, орман мастерлерi, орман күтушiлер (қорықшылар);
2) облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелерiнде - басшылары және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандары енедi.
5. Орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүйесiне енетiн, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi.
6. Орман мекемесiнiң директоры - бас орманшысы (бұдан әрi - директор) орман мекемесiнiң ведомстволық тиесілілiгiне байланысты уәкiлеттi органның немесе облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
7. Директор орман мекемесiнiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық етедi және орман мекемесiне жүктелген мiндеттердi орындау және оның өзiнiң функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершілiкте болады.
8. Директор өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен және өзiнiң құзыретi шегiнде:
1) барлық ұйымдарда орман мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) шарттар жасасады;
3) сенiмхаттар бередi;
4) банк шоттарын ашады;
5) орман мекемесiнiң барлық қызметкерлерiне мiндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
6) уәкiлетті орган немесе облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi тағайындайтындардан басқа, орман мекемесiнiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
7) орман мекемесiнiң қызметкерлерiне ынталандыру шаралары мен тәртiптiк жаза қолданады;
8) орман мекемесiнiң даму перспективаларын және оны техникамен жарақтандыру бағыттарын айқындайды;
9) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман мониторингiн, жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi, мемлекеттік орман кадастры мен жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
10) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды және орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, орман мекемесiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
11) орман мекемесiнiң аумағында орман өрттерiнiң алдын алу және олармен күресу жөнiндегi iс-шараларын әзiрлеудi және олардың орындалуын iске асыруды ұйымдастырады;
12) ағаш кесу билеттерiн бередi;
13) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тыю жөнiнде шаралар қолданады;
14) орман мекемесiнiң аумағындағы өрттердi сөндiру үшiн өрт қауiпi бар маусымға жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
15) оған Қазақстан Республикасының заңнамасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9. Орман мекемесi директорының орынбасары - бас орманшының орынбасары орман мекемесiнiң ведомстволық тиесілілігiне байланысты уәкілеттi органның немесе облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
10. Директордың орынбасары өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен және өзiнiң құзыретi шегiнде:
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |