• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы

Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде: 
1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн; 
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.10.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі