Bestprofi Logo

Қаулы № 359 от 2011-04-05г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:

«88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бағыттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Қаржы және/немесе Экономикалық даму және сауда министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.»;

«3-1) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.

Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;»;

3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)

2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 қаулысына қосымша

Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание