Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы N 99 Қаулысы
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына норма шығару қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 14 ақпандағы
N 99 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат):
2-тармақта ", сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ету болып белгiленсiн.".
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)