• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 31.10.2002 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 451 қаулысымен. 4. Мыналар таратылсын: 1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы. 
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. 
Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы
Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді".
     6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға 
сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін. 

      7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.28. N 1539          
              қаулысымен.  

 
 
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     1999 жылғы 14 желтоқсандағы
                                         N 1917 қаулысымен
                                            бекітілген
     
     
     Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау
    мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
                      құрамы 

     
      Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.04.03. N 489
              қаулысымен.  

 
 
      Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1157             
              қаулысымен. 

 
 
      Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540             
              қаулысымен. 

 
 
      Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.28. N 1539     
              қаулысымен.  

 
 
      Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.26. N 355 қаулысымен.  
               

 
 
Тасмағамбетов                  - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы              Премьер-Министрі,
                                 Мемлекеттік комиссияның төрағасы 

     
Тәжин                          - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұхамбетқазыұлы            Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
                                 көмекшісі - Қазақстан Республикасы
                                 Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы,
                                 Мемлекеттік комиссия төрағасының
                                 Бірінші орынбасары (келісім бойынша) 

     
Есенбаев                       - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы                Экономика және сауда министрі,
                                 кіші комиссиялардың төрағасы 

      
     
Тілеубердин                    - Қазақстан Республикасының 
Алтай Абылайұлы                  Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                 Басшысы, Мемлекеттiк комиссия
                                 төрағасының орынбасары
Нұрсейітов                      - Қазақстан Республикасының
Азамат Айтқалиұлы                 Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                                  Сыртқы байланыстар бөлiмi
                                  меңгерушiсiнiң орынбасары,
                                  Мемлекеттiк комиссияның               
                                  хатшысы
         Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты-импорты
             және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссия
Ыдырысов                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Ерлан Әбілфайызұлы          істер бірінші вице-министрі 

Кәкімжанов                - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы       Мемлекеттiк кiрiс министрi
Мырзахметов               - Қазақстан Республикасының
Абылай Исабекұлы            Көлiк және коммуникациялар
                            министрi
     
Нефедов                   - Қазақстан Республикасының 
Петр Петрович               Энергетика және минералдық
                            ресурстар вице-министрi
     
Ким                       - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович        Әділет министрі 

     
Алтынбаев                 - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы             Қорғаныс министрі 

 
     
Қасымов                   - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік
Әлібек Хамитұлы             кеңесі Хатшысының орынбасары
                            (келісім бойынша) 

     
Божко                     - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Владимир Карпович           қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
                            орынбасары (келісім бойынша) 

                 Экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру
                       жөнiндегi кiшi комиссия
Әбусейітов                         - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы                       Сыртқы iстер вице-министрi
Қанешев                            - Қазақстан Республикасының 
Бiржан Бисекенұлы                    Қауiпсiздiк Кеңесi хатшылығының
                                     меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Байғарин                           - Қазақстан Республикасының
Бекболат Әбдiғалиұлы                 Экономика және сауда министрлiгi
                                     Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегі
                                     комитетiнiң төрағасы
Жантикин                           - Қазақстан Республикасының
Тимур Мифтахұлы                      Энергетика және минералдық
                                     ресурстар министрлiгi Атом
                                     энергетикасы жөнiндегі
                                     комитетiнiң төрағасы
Қосынов                            - Қазақстан Республикасының
Алмас Олжабайұлы                     Энергетика және минералдық
                                     ресурстар министрлiгi
                                     Аэроғарыштық комитетiнiң
                                     төрағасы
Могильный                          - Қазақстан Республикасының Білім
Валерий Валентинович                 және ғылым министрлiгi Ғылым
                                     департаментiнiң директоры
Рахымбеков                         - Қазақстан Республикасының
Боран Ғиззатұлы                      Әділет бірінші вице-министрі 

     
Арынов                             - Қазақстан Республикасының
Ерлан Асатайұлы                      Экономика және сауда министрлігі
                                     Сауда, халықаралық ынтымақтастық
                                     және экспорттық бақылау
                                     департаментінің директоры, кіші
                                     комиссиялардың хатшысы 

    
                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        1999 жылғы 14 желтоқсандағы
                                             N 1917 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері
           жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы
                           Ереже
     
                  1. Жалпы ережелер
     
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.  
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
       қаулысымен.  
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады. 
          2. Комиссияның негізгі міндеттері 
4. Комиссияның негізгі міндеттері: 
1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 
2) барлық орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру және экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу; 
3) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру; 
4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екіұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с. 
5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 
      3. Комиссияның функциялары