Bestprofi Logo

Қаулы № 1917 от 1999-12-14г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917

Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2001. № 451 қаулысымен.

1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.

Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді".

6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.

7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамы

Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің

Кәрiм Қажымқанұлы орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның төрағасы

Өксiкбаев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк

Омархан Нұртайұлы Кеңесiнің Хатшысы, Мемлекеттiк комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық

Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы (келiсiм бойынша)

Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика

Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi

Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау

Бердібек Mәшбекұлы агенттiгiнің төрағасы

Есенбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия

Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрi

Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер

Нұрсейітов - Қазақстан Республикасының

Азамат Айтқалиұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның хатшысы

Георгий Владимирович Әділет министрі

Алтынбаев - Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген

1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание