Toggle Dropdown
Осы редакция 21.09.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.
1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1917 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрi, төраға
Өтeмбаев - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк
Ерiк Мылтықбайұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары -
Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының меңгерушiсi, Мемлекеттiк комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы (келiсiм бойынша)
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бердiбек Машбекұлы вице-министрi - Министрлiктің Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы
Нұрсейітов - Қазақстан Республикасының
Азамат Айтқалиұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның хатшысы
Ким - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович Әділет министрі
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы Қорғаныс министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы Әділет министрі
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жанат Бәзікенұлы Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік комиссияның хатшысы
Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия
Андрей Иванович және сауда вице-министрi
Шәкiров - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асқар Оразалыұлы министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1917 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.