1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2001. № 451 қаулысымен.
4. Мыналар таратылсын:
1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.12.2002. № 1300 қаулысымен. (31.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Жанат Бәзiкенұлы Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік комиссияның хатшысы
Балиева - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы Әділет министрі
Тәңiрберген - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Саидмұрат Бапанұлы Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм бойынша)
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелдi Смағұлұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Қорғаныс министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрі
Тәжин - Қазақстан Республикасының
Марат Мұханбетқазыұлы Сыртқы істер министрі
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001. № 1539 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |