Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2008 № 1161 Қаулысымен. (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2001 № 451 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналар таратылсын:
1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 10.12.2002 № 1300 Қаулысымен. (31.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001 № 1539 Қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз) 7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген
Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.08.2011 № 921 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2012 № 863, 13.11.2012 № 1445 Қаулыларымен. (10.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысымен бекітілген
Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы Ереже
Ереженің тақырыбы өзгертілді - 05.12.2008 № 1161 Қаулысымен. (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2001 № 1539, 05.12.2008 № 1161 Қаулыларымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру және өнімдерді Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесін, экспорттау тәртібін, кері экспортты, импортты, кері импортты, транзитті немесе қайта өңдеуді пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына ұсынымдар дайындау;
3) экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с.
5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2008 № 1161 Қаулысымен. (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссияның функциялары
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2008 № 1161 Қаулысымен; (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдерге (Ядролық жеткізіп берушілер тобы, Ракеталық технологияларды бақылау режимі, Австралиялық топ, Вассенаар уағдаластығы және тағы басқалар) Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін қарайды;
3) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) әскери өнеркәсіпті конверсиялау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) көптарапты экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлігінде ұсынымдар әзірлейді;
6) экспорттық бақылауға жататын өнімдер контрабандасының жолын кесу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) экспорттық бақылау саласында белгіленген ережелер мен рәсімдердің сақталуына бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлайды;
8) өнім номенклатурасы (тізімі) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
10) экспорттық бақылау саласында шетел тәжірибесін қорытындылайды;
11) мемлекеттік органдарға жөнелтілер алдындағы кезеңде және экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түпкілікті пайдаланылуына тексеру жүргізуді ұсынады;
12) өзінің құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді қарайды.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.09.2005 № 936, 05.12.2008 № 1161 Қаулыларымен. (28.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өзіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республиканың стратегиялық мүдделерін қорғау жөніндегі ұсыныстарды табыс етуге;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды (ді қараңыз)
3) мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін, алайда экспорттық бақылау мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін әзірлеуге және қарауға қатысуына;
4) өз құзыретінің шегінде хаттамалар түрінде шығарылатын ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдауға;
5) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.12.2008 № 1161 Қаулысымен; (29.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
6) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға;
7) қаралатын мәселелерге қосымша сараптамалық бағалау жүргізу үшін орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, өзге де заңды тұлғалардың қызметкерлері қатарынан сарапшыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды тартуға;
8) қостараптық және көптараптық негізде үкіметаралық ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер әзірлеуге және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
9) экспорттық бақылаудың мәселелерін пысықтау үшін жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
10) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.09.2005 № 936, 05.12.2008 № 1161 Қаулыларымен. (28.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары жүзеге асырады. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия тұжырымдайтын шешiмдер үшiн дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оңың функцияларын орынбасары орындайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155, 20.07.2006 № 695 Қаулыларымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды (ді қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды 8-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155 Қаулысымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155 Қаулысымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Комиссияның жұмысы ағымдағы және келешекті жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезінде өткізіледі.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155 Қаулысымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155 Қаулысымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Комиссия мәжілістері күн тәртібінің мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіле отырып, Комиссия (кіші комиссия) мүшелерiнiң барлығы мiндеттi түрде қол қоятын тиісті хаттамаларға енгізіледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.10.2002 № 1155, 20.07.2006 № 695 Қ аулыларымен. (26.03.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Комиссия (кіші комиссия) мәжілістерінің хаттамаларын Комиссия хатшысы ресімдейді.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2006 № 695 Қаулысымен. (21.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Комиссияның жұмыс органы отырысқа дейiн кемiнде 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын және қарау үшiн 7 (жетi) күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде Комиссия мүшелерiне жiберетiн Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды.
14-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.09.2005. № 936 Қаулысымен. (28.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
15. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 19.03.2005 № 254 Қаулысымен. (02.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 21.09.2005 № 936 Қаулысымен. (28.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында Экспорттық бақылау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 118-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі N 950 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 307-құжат).
3. "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 1-4, 8-тармақтары.
4. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 маусымдағы N 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 25, 235-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қыркүйектегі N 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 406-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |