Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1157
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасының экспорттық
бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының:
экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының құрамына:
Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік
комитеті төрағасының орынбасары (келісім
бойынша);
енгізілсін;
"Ыбыраев Талғат Рысбекұлы - "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның бас директоры, экспорттық бақылауға жататын өнімнің эскпорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссиясының хатшысы" деген жол алынып тасталсын;
экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссиясының құрамына:
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрі,
төраға болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Нұрбеков Қосбасар Болатбекұлы, Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі