• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 15.06.2017 күші жойылды

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 шілдедегі N 695 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамына мыналар енгiзілсiн: 
Кәрiм Қажымқанұлы               Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi,                                   төраға
Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар министрi
Мейрам Зекешұлы                 және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң төрағасы
Владимир Сергеевич              Энергетика және минералдық ресурстар министрi"       

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Асқар Оразалыұлы                министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы
Владимир Сергеевич              және сауда министрi, төрағаның орынбасары                    ";
көрсетілген құрамнан Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Нартай Нұртайұлы Дүтбаев, Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев, Иван Михайлович Кравченко шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде: 
"7. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары жүзеге асырады. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия тұжырымдайтын шешiмдер үшiн дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оңың функцияларын орынбасары орындайды.";
12-тармақтағы "мәжiлiске қатысқан" деген сөздер алынып тасталсын, "мүшелерi" деген сөздер "мүшелерiнiң барлығы мiндеттi түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "және төрағалық етушi қол қояды" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.