• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 27.02.2006 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 
1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн; 
2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1117 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi халықтың денсаулығын сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, Министрлiктiң құзыреті шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. 
Министрлiктің мынадай ведомстволары: Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация комитетi және Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті болады. 
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазыналық комитетiнiң органдары мен банктерде шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Министрлiк өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар шешімдер қабылдайды. 
5. Министрліктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" мемлекеттік мекемесi. 
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады. 
9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды, медицина ғылымын, медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi дамыту стратегияларын, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу; 
өз құзыретi шегiнде дәрілiк заттар айналымы саласындағы, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу мәселелерi жөнiндегi, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі, жұқпалы, паразитарлық, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеу тәртiбiн және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзу тәртiбiн айқындау жөнiндегі нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту; 
медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемi тiзбесiн әзiрлеу; 
медицина ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестiру; 
мыналарға: 
Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметке; 
дәрілiк заттар айналымы саласындағы қызметке; 
медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегі қызметке басшылықты жүзеге асыру; 
денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру; 
ауруханаiшiлiк менеджментті және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмділігін бағалауды қоса алғанда, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту; 
медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзiрлеу және бекiту; 
денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi, олардың құрылымдарын, үлгілік штаттарды және штаттық нормативтердi, сондай-ақ дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын әзiрлеу және бекiту;