1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 31.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006 № 134 қаулысымен. (15.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.10.2009 № 1645 Қаулысымен. (07.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдары мен банктерде шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан әрекет етуге құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын, штат санын Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Мыналар Министрліктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері болып табылады:
1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
14. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
5) өзінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді, нормативтік құжаттарды және денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту;
6) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық қадағалауды қамтамасыз ету;
10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |