Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
3. Комитеттің төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (15.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын.
8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде медициналық қызметтің сапасын бақылау жөнiндегi бақылау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудiң сапасы саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндеттерi көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасы мен толықтығын бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, денсаулық сақтау саласында стандарттарды сақтау, тұрғылықты жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында азаматтарға медициналық қызмет көрсетудiң қол жетiмдiлiгi мен сапасына кепiлдiктердi қамтамасыз ету, меншiк нысанына, ведомстволық тиесiлілігiне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар көрсететiн медициналық қызметтiң сапасын мемлекеттiк бақылауды және оны жақсарту жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттiң облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында аумақтық бөлiмшелерi болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5. Комитеттiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкiметi бекітедi.
6. Комитеттiң зиянды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрістер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мыналар бойынша көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасы мен толықтығын бақылау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi бақылау функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен стандарттарға сәйкес көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемi мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету;
көрсетілетiн медициналық көмек түрлерінің қолда бар лицензияға сәйкестігін айқындау;
медицина қызметкерлерінің білiктiлiк деңгейiнiң салалық нормативтердiң талаптарына, медицина ұйымдарын медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен толықтырудың белгiленген нормативтерге сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету;
2) мыналар бойынша көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасы мен толықтығын бақылау саласында мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегi функциялар:
көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесiн айқындау;