1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 Қаулысы
Тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 22.09.2006. № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2.
(Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 944.(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулысымен)
3.
(Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.10.2007. № 944.(қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Қаулысымен)
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын.
8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi туралы ереже
Тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 22.09.2006. № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде медициналық қызмет көрсету саласындағы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудiң сапасы бойынша басшылық пен салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндеттерi медициналық қызмет көрсетудi бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ азаматтарға медициналық қызмет көрсетудiң қол жетiмдiлiгi мен сапасына кепiлдiктердi қамтамасыз ету, меншiк нысанына, ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан, денсаулық сақтау субъектiлерi көрсететiн медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттiң облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi болады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.09.2006. № 899 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.
5. Комитеттiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкiметi бекітедi.
6. Комитеттiң зиянды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрістер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мыналар бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi бақылау және қадағалау функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарға сәйкес көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын, көлемi мен қол жетiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрiлiк заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргiзудi бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау практикасына алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын енгiзудi бақылауды қамтамасыз ету;
дәрiлiк заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдануды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызметтердiң, сондай-ақ дәрiлiк заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын жарнамалауды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызмет саласындағы бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережелерiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеудегi сырқаттарға дәрiлiк заттардың тағайындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |